Алматы перзентханасында болған өртті дәрігерлер дер кезінде өшірді

19 Шілде 2020, 12:14
1674
Бөлісу:
Алматы перзентханасында болған өртті дәрігерлер дер кезінде өшірді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Дәрігерлер перзентханада болған өртті өздері өшіре білген. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД  хабарлады.

18 шілде күні 21 сағат 47 минутта Алматы қаласы ТЖ Департаментінің "101" пультіне Сейфуллин даңғылы 492 мекенжайындағы №1 перзентхананың балалар жан сақтау бөлімшесінде өрт шыққаны туралы шұғыл хабарлама келіп түскен. 

Реанимацияда өрт дабылы іске қосылғаны анықталды. Түнгі ауысымда кезекшілік еткен дәрігерлер уақыт жоғалтпай және дүрбелеңге бой алдырмастан нақты түрде  ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес жұмыстар атқарды. Сонымен,  жаңа туған 8 сәби дәрігер-акушер-гинеколог Садықова Перизат, балалар медбикесі Жиделиева Арайлым және басқа да медицина қызметкерлерінің көмегімен нұсқаулыққа сәйкес, қауіпсіз аймаққа эвакуцияланды. Дәрігер Виталий Грушевский электр розеткасында түйықталып қалған  электр сымдарының жануының алдын алып, ұнтақты өрт сөндіргішті шебер пайдаланды. Қызметкерлер өздерінің біліктілігінің арқасында өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынның алдын алып үлгерді,-делінген хабарламада   

WhatsApp Image 2020-07-19 at 11.57.48.jpeg

Алматы қаласы ТЖ Департаменті медициналық көмек көрсетуде ғана емес, кез келген жағдайда тығырықтан шығуға қабілетті дәрігерлердің қырағылығы мен жоғары кәсіби біліктіліктері үшін аталған перзентхананыңбасшылығы пен медициналық қызметкерлеріне алғыс білдіреді. 

Өрттің алдын алып, көк жалынды дер кезінде жоюға атсалысқан барлық қызметкерлер марапатқа ұсынылатын болады.


Өзгелердің жаңалығы