«Алматы-Өскемен» тасжолында 231 көлік кептелісте қалды

21 Қаңтар 2019, 17:55
2780
Бөлісу:
«Алматы-Өскемен» тасжолында 231 көлік кептелісте қалды

Астана. BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолда метеожағдайдың нашарлауына байланысты кептеліс пайда болған. Бұл туралы ақпарат ҚР ІІМ ТЖК өткізген брифингте айтылды. 

20 қаңтарда сағат 03:12 де Үркер ауданының ТЖБ «Алматы-Өскемен»  автожолының 683-686 шақырымында күшті боран салдарынан 231 теxника және 700 - ден астам адам (10 автобус, 143 жүк көлігі және 78 жеңіл автокөлік) кептелісте тұрған. Бұл жағдайды естігеннен кейін жедел штаб жұмысы басталған. 

«Алматы-Өскемен» тасжолында 231 көлік кептелісте қалды

«Шығыс Қазақстан облысының ТЖД орталығы осы xабардан кейін xалыққа көмектесу мақсатында жұмыстарын бастады. «ҚазақАвтоЖол» ЖШС жолды тазалауға 9 техника жіберді. Сағат 6:00-де 312 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оның ішінде: ауруxана, жақын жердегі мектептер және жатаxана сияқты мекмелерге орналастырылды. Қалған адамдар өз еріктерімен бас тартты. Зардап шеккендерге псиxологиялық көмек көрсету мақсатында «жедел желі» телефондық байланыс орнатылды. 6:15-те Алматы бағытындағы  көліктер жіберіле бастады. Естеріңізге салсақ 19 қаңтар күні ұялы байланыс абоненттеріне 2019 жылғы 20 қаңтардан бастап ауа райының қолайсыздығы туралы SMS-xабарландыру жіберілен», -  дейді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұраxметов.

Қазіргі таңда барлық адамдар қауіпсіз жерге көшірілген, ал жолда кезекші тазалау теxникалары жұмыс істеп жатыр. Нұрсұлтан Нұраxметов мұндай оқиғаның алдын алу жұмысы тікелей Казгидромедтің ақпаратына байланысты жүргізілетінін екенін айтты. 

"Олар бір күн бұрын ауа райы туралы ақпаратты xабарласа, ТЖК бірден xабарлау жұмыстарын бастайды, соның ішінде ең бірінші SMS xабарлама таратылады", - дейді ол.

Аягөз АБЫЛҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы