Алматы-Өскемен трассасындағы жол апатынан 2 адам қаза болды

28 Шілде 2019, 17:29
1655
Бөлісу:
Алматы-Өскемен трассасындағы жол апатынан 2 адам қаза болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы-Өскемен трассасындағы жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты.

Zakon.kz хабарлауынша, Audi 100 автокөлігі Қапшағайға қарай солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Трассаның 29-шақырымында белгісіз себептермен жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, трассаны бөліп тұрған қоршауға барып соқтығысқан. Жүргізуші отырған жаққа тиген қатты соққының салдарынан жүргізуші мен оның артында отырған жолаушы тіл тартпай кеткен.

1564308284_7.jpeg

Алматы облысының тергеушілері оқиға орнына келіп, жол апатының мән-жайын анықтауда.

 

Өзгелердің жаңалығы