"Алматы-Өскемен" тас жолындағы апаттан 20 жастағы қыз қаза болды

8 Шілде 2023, 11:45
1737
Бөлісу:
"Алматы-Өскемен" тас жолындағы апаттан 20 жастағы қыз қаза болды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында көлік дөңгелегінің жарылуы адам өліміне әкеп соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

BMW автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолының 192-шақырымында, рульге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берді. 

"Алматы-Өскемен" тас жолындағы апаттан 20 жастағы қыз қаза болды

Оқиға орнында 20 жастағы қыз көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі мен жолаушысы Сарыозек ауруханасына жатқызылды. Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжануда. Құрметті жүргізушілер, өз көлігіңіздің техникалық жағдайын мұқият қадағалауды сұраймыз. Дөңгелектердегі «резеңкені» дер кезінде (жыл маусымына сәйкес) ауыстырыңыз. Жол ережесі мен рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтаңыз. Автокөлікті басқару кезінде Сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, - деп ескертті ведомство мамандары.

Өзгелердің жаңалығы