Алматы өңірінің әкімі аш құрсақ табылған 6 жасар баланың жағдайын айтты

1 Желтоқсан 2023, 14:29
692
Бөлісу:
Алматы өңірінің әкімі аш құрсақ табылған 6 жасар баланың жағдайын айтты
Фото: ОКҚ

Жағдайды бақылап отырмыз. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-де өткен брифингте осылай деді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Жағдайды бақылап отырмыз. Ол 3 жасына дейін қарапайым балалар сияқты дамыған. Содан кейін баланың ақыл есінің дамуы тоқтап қалған. Қазір ол емделіп жатыр. Әрине, тұрған жері өте нашар болған. Үйі быт-шыт, онда көптеген мысық болған әрі оған жағымсыз иісті қосыңыз. Анасы баласына қарамаған. Тіпті, бала бейтаныс адамнан емес, анасынан да қорқады. Баланың жағдайы сондай. Қазір дәрігерлер мен психологтар тиісті жұмысты істеп жатыр, - деді облыс әкімі.

Еске сала кетсек, Алматы облысының прокуратурасы жергілікті полициямен бірігіп, өңірде "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" акциясын жүргізген еді. Нәтижесінде Іле ауданыда 6 жасар М. атты ашығып қалған бала табылды. Ол сөйлей де, жүре де алмаған.

Өзгелердің жаңалығы