Алматы облысының жолдарын камерасы бар патрульдік көліктер бақылайды

13 Қаңтар 2024, 14:10
201
Бөлісу:
Алматы облысының жолдарын камерасы бар патрульдік көліктер бақылайды

Алматы облысында жол жүру ережесін бұзғандарды тіркейтін арнайы камералармен жабдықталған полиция көліктері жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Полиция департаменті жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 20 қызметтік көлікке арнайы құрылғы орнатылғанын мәлімдеді.

«Аппараттық-бағдарламалық кешен фото және видео жазуға, көлік құралдарының жылдамдығын өлшеуге, көліктің мемлекеттік нөмірін тануға, жалпы көлік апатына әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға арналған», - деп атап өтті Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Құрылғы жолдағы және тұрақтағы көліктердің нөмірін автоматты түрде таниды, алынған деректер Бас прокуратураның жанындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы