Алматы облысының тұрғыны баннердегі суреті үшін миллион теңге сұрады

16 Қаңтар 2021, 20:03
2763
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғыны баннердегі суреті үшін миллион теңге сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен суретін баннерге пайдаланғаны үшін ақша төлеуді сұрайды, деп хабарлайды 31 арна.  

Алматыда мұндай баннерлер алғаш рет өткен көктемде  пайда болған. Қазір бұл фото қайтадан қоғамдық көлікте, аялдамаларда және ғимарат кіреберісінде пайда болды. Телеарна мәліметінше, Алматы әкімдігіндегілер былтыр баннерлердің кейіпкері филиппиндік екенін, суретті интернеттен алғанын айтқан. Бірақ Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова баннердегі қыз өзі екенін және суретін рұқсатсыз пайдаланғанын айтып отыр.

Алматы облысының тұрғыны баннердегі суреті үшін миллион теңге сұрады

Самал Омарова Алматы облысының Жанашыр ауылында тұрады. Үш қыз тәрбиелеп отырған жас ана сүт зауытында лаборант болып қызмет атқарады. Алғашында Самалдың анасы оның суреттері неге барлық жерде ілініп тұрғанын сұраған. Күйеуі мен қыздары да таңғалған. Самал оны кім және қашан түсіріп алғанын білмейді. Өзі банкте жасырын түсірілген деп болжайды.

Менің суреттерім барлық жерде болғанына қуаныштымын. Олар жарнамаға алты миллион берген, кем дегенде маған миллион берсін, – дейді ол.

Ал фотограф-дизайнер Максим Леонидов мұндай суретті жоғары сапалы жабдықты қолдана отырып қана жасауға болатынын айтып отыр.


Өзгелердің жаңалығы