Алматы облысының тұрғындары ерекше құбылыстың куәгері болды

13 Маусым 2024, 12:35
413
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғындары ерекше құбылыстың куәгері болды
Фото: Видеодан скрин

13 маусымға қараған түні аспаннан бірнеше жарқыраған нысандар байқалды. Мамандар ерекше құбылыстың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылар оны метеорит деп болжаған еді. Алайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спутниктің қалдықтарының жануы екенін түсіндірді.

В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт мамандарының пікірінше, 12-13 маусымға қараған түні Алматы облысының тұрғындары байқаған ерекше құбылыс Жер атмосферасына кіргенде бөлшектелген спутниктің қалдықтарының жануымен түсіндіріледі. Бөлшектелген спутник 13.06.2024 күні Жер атмосферасына кіруі болжанған Starlink-31469 спутнигі болуы мүмкін, - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы