Алматы облысының прокуратурасы аграршылардың құқықтарын қорғады

31 Қазан 2024, 13:24
306
Бөлісу:
Алматы облысының прокуратурасы аграршылардың құқықтарын қорғады
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы облысы прокуратурасы облыстың су шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін тексеру нәтижесінде, суармалы су тарифтерінің негізсіз көтерілу деректерін анықтап, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне келтірілетін шығынның алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдау барысында «Талғарирригация», «Балқаширригация», «Көлсайирригация» және «Үшқоңырирригация» ұйымдарының су тасымалына, су беру құрылыстарын күтіп ұстауға және салық аударымдарына жұмсалатын шығындарды асыра бағалауы себебінен түпкі пайдаланушылар үшін суармалы судың құны негізсіз көтерілгені анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі аясында өтемдік тарифтер енгізіліп, 1 м³ суармалы судың құны 38%-ға төмендетілді. Бұл шараның нәтижесінде облыстың 1300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құқықтары қорғалды және шығындардың өсуі жағдайында олардың ұстанымдары нығайтылды, - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы