Алматы облысының полицейлері ПД емханасының әйелдерін мерекемен құттықтады

8 Наурыз 2022, 15:10
1203
Бөлісу:
Алматы облысының полицейлері ПД емханасының әйелдерін мерекемен құттықтады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының полиция қызметкерлері ПД емханасында жұмыс істейтін әйелдерді көктем мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тәртіп сақшылары медицина қызметкерлеріне қиын уақытта көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді. 

Құттықтау кезінде жылы сөздер айтылып, алғыс хаттар табыс етілді. Тосынсый сөзі мен музыкасы Қарасай аудандық ПБ аға лейтенанты Әбдіманап Мыңбаевпен жазылған “Ақ халатты абзал жандар” әнін жанды дауыста орындаумен аяқталды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
 

Өзгелердің жаңалығы