Алматы облысының орман алқабындағы өрт ошағының басым бөлігі сөндірілді

16 Сәуір 2021, 16:54
1740
Бөлісу:
Алматы облысының орман алқабындағы өрт ошағының басым бөлігі сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 14-15 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданында болған өрт «Күрті орман шаруашылығы» КММ Тауқұм орманшылығының, «Бақанас» КММ Көктал және Ақкөл орманшылығының, сондай-ақ Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумақтарын қамтыды.

Тауқұм орманшылығы аумағында өрт 15 сәуір күні кешке тоқтатылды. Оқиға орнында өртті толық оқшаулау бойынша жұмыстар жалғасуда. Оған мемлекеттік орман күзетінен 24 адам, өрт сөндіру көлігі, трактор, 3 жеңіл автокөлік, аудандық ТЖ бөлімінен 6 адам және жеңіл авто қатысты.

Көктал орманшылығында да өрт тоқтатылды. Өртті сөндіруге аудандық ТЖ бөлімінен 22 адам, мемлекеттік орман күзетінен 2 өрт сөндіру машинасы, трактор, 4 патрульдік көлік, аудандық ТЖ бөлімінен 5 адам және өрт сөндіру көлігі  жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Ақкөл орманшылығында өрт «Қазавиаорманқорғау» РМҚК 7 адам және аудандық округтен 3 адам күшімен сөндірілді.

Сонымен қатар, Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумағында, Балқаш маңында, Қарағанды облысымен шектесетін Ұзынарал аралында өрт байқалады. Оны сөндіруге 24 адам мен 4 автокөлік қатысуда.

Іле-Балқаш МТР  Балқаш маңы филиалына шекаралас Қарағанды облысымен шектесетін Ұзынарал аралы өртенуде. Өртті тоқтату жұмыстарын 24 адам, 4 автокөлік жүргізуде.

Іле сағасы филиалындағы өрт тоқтатылып, өртті жою жұмыстары жалғастырылуда, өртеніп жатқан жер қамысты, сулы-батпақты, жолсыз  аумақтар болғандықтан техниканың, адам күшінің өрт аумағына тікелей кіріп, толық өшіруіне мүмкіндік бермеуде.

Өртті сөндіру кезінде адамдардың жарақаттануы мен шығыны болған жоқ.

Өрт көлемі және келтірілген залал туралы ақпарат нақтыланады.

Еске салсақ, кеше ТЖМ Алматы облысындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы