Алматы облысының полицейлері жанармай құю бекетіне қарақшылық жасаған күдіктілерді ұстады

8 Ақпан 2019, 19:48
2010
Бөлісу:
Алматы облысының полицейлері жанармай құю бекетіне қарақшылық жасаған күдіктілерді ұстады

Астана, BAQ.KZ. Алматы облысының Талғар ауданындағы жанармай құю бекетіне түнде қарақшылық жасаған қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды7 Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 ақпан күні бір топ адам жанармай құю бекетіне баса-көктеп кіріп, оператор мен күзетшіні белгісіз қарумен қорқытып, кассадағы 27 000 теңгені тартып алған.

«Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің тұлғалары анықталды. Күдіктілердің бірі оқиға орнына жақын маңда жергілікті тұрғындардың көмегімен ұсталса, жедел-іздестіру шаралары барысында екінші күдіктінің мекенжайы анықталып, Алматы қаласында қолға түсті. Қолға түскен күдіктілерден қылмыс жасау кезіндегі пайдаланған тапанша мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәлкіленді. Олар тергеу материалдарына айғақзат ретінде тіркелді»,- деп толықтырады баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер аудандық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тәртіп сақшылары күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы