Алматы облысындағы жаппай көлік қақтығысының видеосы тарады 

25 Желтоқсан 2021, 13:17
1648
Бөлісу:
Алматы облысындағы жаппай көлік қақтығысының видеосы тарады 
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысында ауа райының қолайсыздығынан болған жаппай жол апатының видеосы тарады. 

Мына масқараны қараңыздар! Кешелі—бүгін болған жағдай-ау. Қапшағай бетонкасы ма, әлде Қорғасқа шығатын бетонка ма, белгісіз әзір, - деп жазды видеоны жариялаған желі қолданушысы. 

 

 

Ал бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлаған еді.

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдағы нашар көру) 25 желтоқсанда сағат 9.30-дaн бастап «Үшарал-Достық» а/ж 83-184 шақырымдары аралығында, атап айтқанда, Көкткма мен Достық станциялары аралығындағы учаске ("Автодор НС" АБК реконструкциялау учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы