Алматы облысындағы қант қызылшасының алқабы 16 мың га-ға жетті

5 Қараша 2020, 03:23
943
Бөлісу:
Алматы облысындағы қант қызылшасының алқабы 16 мың га-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында биыл қант қызылшасының алқабы 16 мың гектарға жетті. Одан 550 мың тонна өнім алып, 50 мың тонна ақ қант өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасының қант қызылшасының бұрынғы даңқын жаңғырту туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыс басшылығы 2014 жылдан бастап барлық қажетті шараларды қабылдады.

Егер 2014 жылы қант қызылшасының алқабы 1,2 мың гектар болса, 2020 жылы ол 16 мың гектарға жеткізіліп, 14 есеге жуық көрсеткішке ұлғайтылды.

Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін облыстың шаруа қожалықтарына субсидия беріліп, Франция, Германия, Дания елдерінен әкелінген жоғары өнімділікті тұқым берілді. Арнайы техника және жанар-жағармай мәселесі де шешілді.

Біз қант қызылшасын өсірумен қатар өңдеу ісін де шештік. Қызылша өсіру өте ауыр жұмысты талап етеді. Сондықтан оның әр тал өнімін шашау шығармай өңдеуді жолға қоюымыз керек болды. Сондықтан біз ең алдымен жылдар бойы тоқтап тұрған Көксу қант зауытын, одан кейін Ақсу қант зауытын іске қостық. Инвесторлар тарттық. Олар зауытты қайта жаңғыртудан өткізіп, отандық, ресейлік, украиналық және басқа да шетелдік ең озық үлгідегі құрал-жабдықтарды орнатты. Сол сияқты зауыттарда бұрыннан істеген мамандарды қайта шақырдық, - деп атап өтті А. Баталов.
Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдей алмақ. Кәсіпорын 80% қайта жаңғыртылды, өндіріс толық автоматтандырылған, бұл қант сапасын еселеп арттыруға ықпал етуде. Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе кеміген.

Бүгінгі күні Ақсу қант зауытының кезекті жаңғырту жұмыстарынан кейін өңдеу қуаттылығы 350 мың тоннадан 500 мың тоннаға ұлғайтылды.

Зауытта қант қызылшасынан шығатын жомды кептіруге арналған және оны түйіршіктейтін желі іске қосуға дайын.

Өзгелердің жаңалығы