Алматы облысында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті

31 Қазан 2021, 18:22
80258
Бөлісу:
Алматы облысында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қазанда түнде Арқарлы асуының маңындағы тас жолда жүк көлігінің тіркемесі отқа оранды. Бұл туралы ТЖД хабарлады.

Сағат 22:17-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы – Өскемен тас жолының 135-ші шақырымда жүк көлігінің тіркемесі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы өртті сағат 23:07-де оқшаулап, 23.30-да толықтай сөндірді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі тасымалданушы жүктің (аккумулятор батареясы) өздігінен тұтануы болуы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы