Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза болды

14 Ақпан 2021, 00:04
1238
Бөлісу:
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жол апатынан екі адам мерт болды. Тағы үш адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады.

Оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» жолында болған. 

«Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 167 шықырымда «Ауди» мен «Лексус» көліктері соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша «Ауди» көлігінің жүргізушісі алдындағы көліктен озып өтпек болып, қарсы бағытқа шығып, көлікке соғылған. Салдарынан екі адам мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.

Қазір осы факті бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы