Бұл туралы Алматы облысының полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы ПД аумақтық бөлімшесінің полициясына 1990 жылы туылған азаматша А-ның туыстары оның хабарсыз кеткенін хабарлады. Өтініш дереу Кеген аудандық ІІБ-на тіркелді және барлық қажет іздестіру шарасы қолға алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғалған қыздың қайда екені анықталып, облыстық ішкі істер департаменті оны жақын туыстарына тапсырды", — деп жазды Әленов Instagram-дағы парақшасына.
Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін әйелмен тиісті профилактикалық әңгімелер жүргізілгенін қосты.