Алматы облысында жанармай ұрлауға «қамқоршы» болған полиция полковнигі сотталды

23 Сәуір 2021, 16:44
2246
Бөлісу:
Алматы облысында жанармай ұрлауға «қамқоршы» болған полиция полковнигі сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көліктегі полиция департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Бекеновке, «ТЭК-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС Қостанай және Достық станцияларының отын қоймаларының басшылары Қасеновке және Әлжановқа, «Достық» станциясының отын құю операторлары Әлімбековке, Құдабаевқа, Қалибековке, Қайыровқа, Ибрагимовке және Алакөл ауданының автожанармай құю станцияларының иесі Торайғыровтың жанармай ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деді ол.

Бекайдаров атағандай, Бекенов «ТЭК-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС қызметкерлерінің заңсыз қызметінің қамқоршысы болды деген күдікке алынды.

Олар 2018 жылы адамдар тобында алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 354 млн теңгеге «ТЭК-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС «Достық» станциясының отын қоймасында сақталатын аса ірі мөлшерде дизель отынын ұрлады, кейіннен оны Алакөл ауданының автожанармай құю станцияларында сатқан. 2021 жылдың 8 сәуірінде Алматы облыстық сотының үкімімен Бекенов (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін) қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қасенов пен Әлжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Әлімбеков, Құдабаев, Қалибеков, Қайыров және Ибрагимов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Торайғыров 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Бекайдаров.

Ол атағандай, барлық сотталған орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеуге тағайындалған.

Бекенов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ полиция полковнигі арнаулы атағынан айырылды. Қалғандары мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдаумен, сатып алумен, өткізумен, сақтаумен айналысатын ұйымдарда ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы