Алматы облысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді

22 Тамыз 2021, 13:41
4222
Бөлісу:
Алматы облысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді

Алматы, BAQ.KZ. Тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу және болдырмау мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қазаны аралығында Алматы облысының аумағында жылыту маусымына дайындық бойынша «өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізуде.


Айлық аясында, алдағы жылыту кезеңінде халықтың мұқияттылығын арттыру үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерін, газ қызметтерінің жұмысшыларын, еріктілерді және жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, демалыс күні Алматы облысы аумағында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі сенбілігін» өткізді.

Сенбілікті өткізу барысында 600-ден астам адам жұмылдырылған, 8000 данадан астам нұсқаулық таратылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен 2020-2021 жылдардың жылыту кезеңінде Алматы облысы аумағында 445 тұрмыстық өрт орын алды, оның ішінде ең көп өрт жағдайы жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде, электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалану кезінде және тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен болған.

Өзгелердің жаңалығы