Алматы облысында тіркелген науқастардың бірі жүкті әйел

28 Наурыз 2020, 12:49
1534
Бөлісу:
Алматы облысында тіркелген науқастардың бірі жүкті әйел

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында короновирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш жағдай облыстың үш ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда - делінген хабарламада.

Атап өтсек, облыс əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды.

Естеріңізде болса, қазіргі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы