Алматы облысында пластик бұйымдар шығаратын цех өртенді

Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 istockphoto.com 30 Тамыз 2026, 18:51
30 Тамыз 2026, 18:51
158
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының Талғар ауданында, Құлжа тасжолының бойында пластик бұйымдар шығаратын цехтан өрт шықты.

Оқиға орнында өрт сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылды. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге алты су оқпаны жұмылдырылған.

112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеуде.

Наверх