Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 15,8%-ға өсті

13 Шілде 2021, 17:54
2507
Бөлісу:
Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 15,8%-ға өсті

Алматы, BAQ.KZ. Осы жылдың бірінші жартысында Алматы облысы экономикасының негізгі салаларында өсім байқалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өнеркәсіпте өсім 15,8% болып, 683,3 млрд теңгені құраған, ауыл шаруашылығында - 1,3% құрылыс жұмыстарында - 6,2%, бөлшек тауар айналымында 3,1% өсім қамтамасыз етілген.

Бірінші жарты жылдықта 506 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, яғни бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 105,8% тең. 258 млрд теңге инвестиция тартылып, 3,6% өскен, 36 мың жұмыс орны құрылған. Мемлекет бюджетінің түсімі 349 млрд теңгені құрады, соның ішінде жергілікті бюджет түсімі 173 млрд теңге, яғни өткен жыл деңгейімен салыстырғанда 32% артқан, - делінген хабарламада.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, өңірде 110 млрд теңге болатын 65 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде бірінші жартыжылдықта қуаты 1,2 млн тонналық «Алацем» цемент зауыты, 60 мың тонналық «Фид Миллс» құрама жем зауыты, жылына 100 млн литр алкогольсіз сусындар шығаратын «Pure Pack» зауыты іске қосылған. 

Бұдан бөлек газ және электр плиталарын шығаратын «Алматы тұрмыстық техника зауыты», «Фроско» жеміс-жидек сақтау қоймасы, 50 МВт күн электр стансасы жобаларын жүзеге асыру межеленіп отыр. Сөйтіп, жыл соңына қарай өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 трлн теңгеге, тартылған инвестиция 811 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.



Өзгелердің жаңалығы