Алматы облысында нөсер жауыннан екі ауылды су басты

23 Мамыр 2022, 10:04
1688
Бөлісу:
Алматы облысында нөсер жауыннан екі ауылды су басты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Алматы облысында нөсер жауыннан Байғазы мен Көгалы ауылдарының бірнеше көшесін су басты.

Әлеуметтік желіде көшелер мен үйдің ауласын су басқан видеолар тарады. Instagram-да тараған видеоның бірінде куәгер Кербұлақ ауданы, Көгалы ауылының Тобаяқов пен Панфилов көшелерін су басқанын айтады.

Алматы облысы ТЖД-ті ауылдарды су басу жағдайы тіркелмегенін хабарлады, алайда әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Кербұлақ ауданына қарасты Байғазы ауылында су басу анықталғанын және Байғазы ауылында өзен суы көтерілген жағдай тіркелгенін мәлімдеді.

Алматы облысында нөсер жауыннан екі ауылды су басты

Нөсер жауынан Байғазы өзені көтеріліп, су Абай көшесі бойымен ылдилап сол маңдағы екі үйдің ауласы мен бау-бақшасын су басқан. Кешкі сағат 18.00 шамасында жауын саябырсығанда өзен суы да төмендеді. Жағдай қалыпты, - деді ТЖД өкілдері.

Ведомство өкілдері сондай-ақ Кербұлақ ауданы Көгалы ауылында да қатты жауыннан су жиналып, бірнеше көшені басып қалғанын жеткізді.

Жиналған су Панфилов, Жандосов және Тобаяқов көшелерін және Жандосов көшесі бойындағы бір үйдің ауласына жайылған. Үйлерді су басу жағдайы тіркелмеді,- деді ТЖД. 

Өзгелердің жаңалығы