Алматы облысында мектеп оқушысы автобус жолаушыларын құтқарып қалды

23 Қараша 2023, 11:24
13257
Бөлісу:
Алматы облысында мектеп оқушысы автобус жолаушыларын құтқарып қалды
PHOTO
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы Іле ауданында 8 сынып оқушысы бүгінгі күннің батыры атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол кезде жас жігіт тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан. Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі - Ақжол, ол 24 лицейдің 8 "Е" сынып оқушысы екен.

Алматы облысында мектеп оқушысы автобус жолаушыларын құтқарып қалды

Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.

Пікір білдірушілер мектеп оқушысының әрекетін жоғары бағалап, батылдығы үшін үлкен марапатқа ие екенін жазып жатыр. Оқиға кезінде автобустың ішінде болған адамдар да алғысын білдіріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы