Алматы облысында қызметкерінің жемқорлыққа қатыстығы үшін 4 басшы отставкаға кеткен

19 Қараша 2020, 14:50
1532
Бөлісу:
Алматы облысында қызметкерінің жемқорлыққа қатыстығы үшін 4 басшы отставкаға кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен онлайн брифингте агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов мәлім етті. 

Оның айтуынша, соңғы он айда қарамағындағы қыметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысы бар төрт басшы өз еркімен қызметінен кетті және жеті басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы он айда Алматы облысы бойынша 518 қылмыстық іс тіркелді. Оның 256-сы ауыр және аса ауыр болып саналады. Қылмыстық істің 190-ы қылмыстық істер сотына жіберілді, - деді Ернар Мақажанов. 

Қылмыстық іске қатысы барлар 4,6 млрд теңгенің залалын келтірген. Сот процесі аяқталған соң оның 3,8 млрд теңгесі қайтарылды. 

Соңғы он айда 113 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның 32-сі басшылық лауазымындағы тұлғалар. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде өңірдің әр саласындағы сыбалас жемқорлықтың алдын алу мен күреске арналған бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Жетісу - адалдық алаңы», «Ашық бюджеттің интерактивті картасы», «Сапалы жол», кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Protecting Business and Investments» және тағы басқа жобалар бар. 

Жыл басынан бері Алматы облысы бойынша департамент қызметкерлері 16 антикоррупциялық мониторинг жасаған. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай Алматы облысында жемқорлыққа қатысы бар 49 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы