Алматы облысында қуаты 8 МВт болатын күн электр стансалары іске қосылды

26 Қазан 2020, 12:55
1346
Бөлісу:
Алматы облысында қуаты 8 МВт болатын күн электр стансалары іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қуаты 3 МВт «Қапшағай» және қуаты 4,95 МВт «Сарыбұлақ» күн электр стансалары пайдалануға берілді. Екі КЭС-тің жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ құрайды. 

Жаңа генерация объектілері құрылысының инвесторы және бас мердігері - «Хевел» компаниялар тобының құрылымдары, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жаңа күн электр станциялары күнді бақылау жүйелерімен жабдықталған. Трекер қондырғылары күннің қайда орналасқанын бақылайды және автоматты түрде күн модульдерінің тиімді бағытын қамтамасыз етеді. Осылайша, электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйенің статикалық орналасу әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ға артады.

Екі күн стансаларының жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ., бұл атмосфераға шығатын CO2 шығарындының 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық электр энергиясы Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне түсетін болады.


Өзгелердің жаңалығы