Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206-ға жетті

17 Мамыр 2020, 09:40
1451
Бөлісу:
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206-ға жетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімдігі облыста коронавирус инфекциясының тағы 5 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Вирус жұқтырғандардың  3-уі – Кеген, 2-уі – Талғар аудандарында тіркелген.

Ведомствоның мәліметінше, 1960, 1965, 1971, 1977, 2008 жылы туған 5 пациент те белсенді анықталған, оның 4-еуі бұрын ауырғандармен байланыста болған, 1-еуі профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды. 

ПЦР-талдауы кезінде пациенттердің COVID-19 диагнозы расталды.  Науқастар сырқаттары расталғанға дейін оқшауландырылған болатын, қазіргі кезде Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды,- делінген хабарламада. 
Олармен 4 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталып, КВИ-ге зертханалық тексеру үшін оқшауландырылған. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасып жатыр.  

16 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206 болды.

Өзгелердің жаңалығы