Алматы облысында коронавирус анықталған 4 адам туралы мәлімет

3 Мамыр 2020, 12:23
1467
Бөлісу:
Алматы облысында коронавирус анықталған 4 адам туралы мәлімет

Алматы, BAQ.KZ. Вирус анықталған төрт адам да бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызмететі хабарлады.

Алматы облысының Кеген ауданында тағы 4 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру барысында анықталды. Олардың барлығы да  бұрын ауырғандармен байланыста болғандар, - делінген хабарламада. 

1989, 1950, 1992, 1990 жылы туған азаматтар Есік қаласындағы аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы