Алматы облысында көпқабатты үйдің ауласында жүргізуші екі баланы қағып кетті

Зардап шеккен екі бала ауруханаға жеткізілді.

 видеодан скриншот 6 Қыркүйек 2026, 13:15
6 Қыркүйек 2026, 13:15
108
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласында екі баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйекте сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Жергілікті тұрғындардың болжамынша, көлік шамамен 40 км/сағ жылдамдықпен жүруі мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Куәгерлер оқиғадан кейін зардап шеккендердің бірі – қыз бала біраз уақыт ес-түссіз жатқанын да айтқан.

Полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен Chevrolet Cobalt көлігінің 25 жастағы жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйекте сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болды. Оқиға салдарынан балалар әртүрлі дене жарақатын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді Алматы облысының полициясы.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе балалар болуы мүмкін тұрғын үй аумақтарында қатаң сақтауға шақырды.

Наверх