Алматы облысында көлік апатынан 4 адам қаза тапты

26 Тамыз 2021, 00:13
2265
Бөлісу:
Алматы облысында көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Райымбек ауылында ірі жол апаты болды. Toyota Carina мен «Лада 2107» көліктері соқтығысты. Төрт адам көз жұмды, тағы төрт адам зардап шекті.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі апат таңғы 08:40-та болғанын растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Carina жүргізушісі жолдың қарама-қарсы қозғалыс бағытына шығып кеткен.

«Лада 2107» көлігінің 21 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. «Лада 2107" 61 жастағы жүргізушісі мен Toyota Carina-ның екі жолаушысы Қаскелең ауруханасында қайтыс болды. Төрт адам түрлі жарақат алды, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы