Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 9 ақпан күні Шонжы ауылының аудандық ауруханасына бас жарақатымен 50 жастағы А. есімді азамат жеткізілді. Бұл дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша Ұйғыр аудандық ПБ-де тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласында тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы төрт күдікті ұсталды. Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматтың бас аймағына дене жарақатын салғаны анықталды. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды, - делінген хабарламада.
Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.