Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 177-ге жетті

8 Мамыр 2020, 15:10
1427
Бөлісу:
Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 177-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 жағдай анықталды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Коронавируспен ауырған 1 адам бүгін Талғар ауданында  тіркелді. Науқас бұрын науқастанған адаммен қарым-қатынаста болған. ПЦР-талдау нәтижелері бойынша науқастан COVID-19 анықталды. Науқас қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Онымен қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып оқшаулануда, олар КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Бүгінгі күнге Алматы облысында коронавирупен ауырған 177 адам тіркеліп, оның 45-і жазылып шыққан.  
Өзгелердің жаңалығы