Алматы облысында газ жарылып, 5 адам жарақаттанып, 1 адам көз жұмды

1 Қыркүйек 2022, 02:46
1704
Бөлісу:
Алматы облысында газ жарылып, 5 адам жарақаттанып, 1 адам көз жұмды

Қайғылы жағдай Іле ауданының Өтеген батыр кентінде болған.

31 тамыз күні Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Жерұйық көшесінде PolpanInsulation ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында 50 шаршы метр алаңда қабырға қаптамасы өртенген.

Оқиға орнына дереу жеткен мамандар 50 шаршы метр алаңда екі қабатты ғимарат қабырғасының қаптамасы жанып жатқанын, сондай-ақ жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғасының опырылып құлағанын анықтады. Оның жалпы ауданы 1 250 шаршы метр.

Өрт сағат 10.35-те ауыздықталып, сағат 10.50-де сөндірілді. Жалпы ауданы 50 шаршы метр, - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 5 адам орташа ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, 3 жедел жәрдем бригадасы және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр, - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы