Алматы облысында балшыққа батып қалған көліктегі 7 адам құтқарылды

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адамдар толық қауіпсіз жерге жеткізілді.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
96
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы облысында құтқарушылар балшықта батып қалған көліктегі 7 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Іле ауданы аумағында, Сақ қорғандары маңында болған. Жеңіл автокөлік батпаққа кептеліп қалып, ішіндегі жолаушылар өздігінен шыға алмаған.

Хабарлама түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, эвакуациялық жұмыстарды жүргізді.

Алдымен балалар қауіпсіз жерге шығарылып, оларға жылыту шаралары ұйымдастырылды. Кейін қалған жолаушылар да құтқарылды.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан ешкім жарақат алмаған және медициналық көмекке қажеттілік туындамаған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адамдар толық қауіпсіз жерге жеткізілді.

Наверх