Алматы облысында әйел адамды көлікпен қағып өтіп, өліміне себепкер болу фактісі тергеліп жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, әйелін қағып кетті деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.
Әлеуметтік желілерде не жазылып жатыр?
Бұған дейін әлеуметтік желілерде бұл оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Полиция департаменті бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Ресми түрде тек қағып кету, әйелдің өлімі және күдіктінің ұсталу фактісі ғана расталды. Күдіктінің құқық қорғау органдарына қатысы бар-жоғы туралы ақпарат қазіргі уақытта ресми түрде расталған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында полицей өз әйелін қызметтік көлігімен қағып кеткені хабарланды.
Сондай-ақ, Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында қайтыс болған 23 жастағы қызға қатысты жаңа деректер шықты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Атыраудағы атышулы іс: Прокурор қанды қылмыстың себебін атады
Жатақханадағы жауыздық: Қызылордада 1-курс студенті көз жұмды
Павлодардағы үш жастағы қыздың өлімі: Әкесі сотталып жатыр