Алматы облысында полицей өз әйелін қызметтік көлігімен қағып кеткен

Алған жарақаттар салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

 istockphoto.com 16 Мамыр 2026, 22:25
16 Мамыр 2026, 22:25
1199
Фото: istockphoto.com

Алматы облысы Балқаш ауданында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай 16 мамыр күні Қонаев – Бақанас автожолының 84-шақырымында болған. 

Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, қызметтік Hyundai Elantra көлігін тізгіндеген полиция қызметкері көлік ішінде жұбайымен бірге болған. Оқиға алдында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғаны айтылған.

Алматы облыстық ПД мәліметінше, әйелінің өліміне қатысты күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген ПД хабарламасында.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. 

 
 
Наверх