Алматы облысында ауылдық тірек мектеп құрылды

27 Ақпан 2023, 18:50
1075
Бөлісу:
Алматы облысында ауылдық тірек мектеп құрылды

Мектеп үш ауысымды, онда 2083 оқушы оқиды және 219 мұғалім сабақ береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асыратын ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту бағдарламасы бойынша Ұзынғаш ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы мектепке толық материалдық-техникалық жаңарту жүргізіліп, жаңа білім беру технологиялары енгізілді.  Тірек мектеп Назарбаев зияткерлік мектептің стандарттарына сәйкес жабдықталған. 

Алматы облысында бағдарламаны іске асырудың алдын ала қорытындылары мектепте «Ашық есік күні» форматында таныстырылды. Іс-шара «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің, «Қазақстан халқына»» қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Эльмира Әлиеваның, «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шамшидинованың, «Aitas KZ» АҚ негізін қалаушы, Білім беруді тұрақты дамыту қорының құрылтайшысының Серік Толықпаев қатысуымен, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің, сондай-ақ жоба серіктестері, халықаралық ұйымдар, БАҚ және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өтті.

Алматы облысында ауылдық тірек мектеп құрылды

Мектеп үш ауысымды, онда 2083 оқушы оқиды және 219 мұғалім сабақ береді.  НЗМ жабдықтау стандарты бойынша 37 оқу кабинеті мен шеберханасы, сондай-ақ STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жаңартылды. 

 «Білім туралы» заңда «тірек мектептер» деген ұғымы бар, олар өз кезегінде құзыреттілік орталықтары болуы керек және басқа мектептерде, әсіресе аз қамтылған мектептерде оқыту сапасын арттыруға ықпал етуі керек. Осы жағдайды талдаған кезде ауыл мектептерін дамыту бойынша бірде-бір кешенді бағдарлама болмады. Сондай-ақ, PISA халықаралық рейтингіне сәйкес Қазақстанда ауылдағы білім деңгейі төмендеуде. Сондықтан, серіктестеріміз – БТДҚ және НЗМ-мен бірлесіп, біз ауыл және қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту үшін бағдарламаны әзірлеп, оқу орындарын жабдықтауды, жаңа стандарттар бойынша оқытуды бастадық. Егер өткен жылдан бастап біз 17 тірек мектепті құрған болсақ, енді аудандар мен моноқалаларда білім беру трансфертін кеңейтіп, тағы 53 тірек ауылдық мектеп құрғымыз келеді», – деп атап өтті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев. 

Алматы облысында ауылдық тірек мектеп құрылды

Білім беруді тұрақты дамыту қоры НЗМ-мен бірлесіп мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасына талдау жүргізді, сондай-ақ мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі, сондай-ақ мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстарын анықтады. Пән мұғалімдері республикалық білім беру бағдарламалары орталығы жаттықтырушыларының екі күндік курстарынан және қарқынды оқыту бағдарламасынан өтті. 

Еске салсақ, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша «Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық тірек мектепті құрды. Ауылдық мектептер жарақтандырылып, мұғалімдерге оқыту курстары мен тағылымдамалары түрінде әдіснамалық көмек көрсетілді. Жобаның бюджеті 4 млрд 250 млн теңге (1 мектепке шамамен 250 млн теңге есебінен 17 мектеп).

Өзгелердің жаңалығы