Алматы облысында әскери-патриоттық сыныптар ашылды

1 Қыркүйек 2023, 21:32
947
Бөлісу:
Алматы облысында әскери-патриоттық сыныптар ашылды
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Білім күніне орай Алматы облысында «Жас өрт сөндірушілер» атты екі әскери-патриоттық сынып ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарында «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық сыныптарының салтанатты ашылуы өтті. Әскери-патриоттық сыныпты ашудың мақсаты өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеу болып табылады.

Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Данияр Болатбекұлы Қасымов Жамбыл ауданы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы мектепте қазақ әскери-патриоттық сыныбының ашылуына қатысты. Онда ол оқушыларды құттықтап, жас өрт сөндірушілердің бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, азаматтық борышын және мүдделерін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығы бойынша барлық күш-жігері үшін мұғалімдерге алғысын білдірді. 

Алматы облысында әскери-патриоттық сыныптар ашылды

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Разакулов Ералы Маратұлы Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №38 мектебінде әскери-патриоттық сыныптың ашылуына қатысты. Ашық сабақ аясында ол құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты іс-шара барысында 5 және 7 сынып кадеттерінің салтанатты ант қабылдауы өткізілді.

Алматы облысының қалған аудандарында жалпы білім беретін мектептерде көрме ұйымдастырылды, оның аясында оқушыларға авариялық-құтқару құралдары мен арнайы техникасы таныстырылды. Сонымен қатар 1 қыркүйектің күнінің аясында облыстың барлық өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды, онда барлық ниет білдірген оқушылар мен олардың ата-аналары үшін өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия өткізілді, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы