Алматы облысында аэровизуалды тексеру жүргізілді

16 Ақпан 2021, 20:04
1601
Бөлісу:
Алматы облысында аэровизуалды тексеру жүргізілді

Алматы. BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше температуралық фонның көтерілуіне және кей жерлерде қар жамылғысының биіктігі 40 см-ге дейін өсуіне байланысты Алматы облысында қар көшкіні болу қаупі артқан.

Сонымен қатар өңірде бірнеше қар көшкінінің жүруі тіркелген.

Алматы облысының тауларындағы қар жамылғысының биіктігі: «Жетісу Алатауы» тауларында 40-тан 78 см-ге дейін, «Іле Алатау» тауларында 33-тен 65 см-ге дейін.

Қар көшкінінің жағдайын бағалау мақсатында 2021 жылдың 15 ақпанында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатауы филиалының мамандарымен бірлесіп «Жетісу Алатау» тау жотасына аэровизуалды зерттеу жүргізді, - делінген хабарламада.
Екі сағатқа созылған аэровизуалды тексеру ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер-175» тікұшағында жүргізілген.

Зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі уақытта таулы жерлерде қар жамылғысы тұрақсыз, елді мекендерге көшкіннен тікелей қауіп жоқ, өзен арналарында мұз кептелісі байқалмайды. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша ауа температурасының көтерілуіне байланысты ақпан айының соңына дейін көшкін қаупі сақталады.

Алматы облысының ТЖД азаматтарға тау беткейлеріне шықпауға және олардан шаңғымен сырғанамауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы