Алматы облысында 9 қабатты үй өртенді

12 Қаңтар 2021, 20:07
1554
Бөлісу:
Алматы облысында 9 қабатты үй өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 12 қаңтарда сағат 17.57-де Алматы облысы ТЖД Талғар ауданы, Бесағаш ауылы Думан шағын ауданы, Нұрия тұрғын үй кешенінің тоғыз қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары 16 қызметкер мен 6 бірлік техника, Алматы қаласы ТЖД 10 қызметкер мен 2 бірлік техника жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына сағат 18.10-да келгеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрттің жойылғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Екі тоғыз қабатты жаңа салынған, қоныстанбаған тұрғын үйлер арасында оқшаулау материалы жанған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігінің барлық шарасын сақтауды сұрайды.



Өзгелердің жаңалығы