Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

11 Желтоқсан 2019, 12:47
5259
Бөлісу:
Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс овчаркасы 8 жасар баланы талап тастады. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болған. 

Талап тастаған сол отбасының иті екен. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, баланың денесін 30 қараша күні ағасы тауып алған.

Баланың өлімі расталды. Қазір істі Шелектінің полиция бөлімі тексеріп жатыр. Ит сол отбасына тиесілі. Арнайы қызмет өкілдері итті өлтірді. Істің тергеу барысы облыстық департаменттің бақылауында. Сараптаманың нәтижесінен соң шешім қабылданады, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Естеріңізге сала кетейік, осындай оқиға Алматы қаласында да болған еді. Ит өз ауласында 2 жасар қызды талап тастаған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы