Алматы облысында 5 адам ыстан уланғанып қалды

5 Қаңтар 2023, 21:09
678
Бөлісу:
Алматы облысында 5 адам  ыстан уланғанып қалды

4 қаңтарда Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне орталық аудандық ауруханадан Кеген ауданының Кеген ауылында көппәтерлі тұрғын үйде 4 адам көміртегі тотығымен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мән-жайларды анықтау үшін шақыру орнына дереу Кеген ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері жіберілді.

Шақыру орнына келгеннен кейін, бітелген мұржаның салдарынан қатты отынмен жылытуды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан, 4 адам көміртегі тотығымен уланғанғандығы анықталды: 1997 жылы туылған әйел және 2019, 2020 және 2022 жылы туған 3 бала. 

Олар орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа дәрежеде.

Өзгелердің жаңалығы