Алматы облысында 45 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады

19 Қазан 2022, 11:36
952
Бөлісу:
Алматы облысында 45 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы – бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап келе жатқан өңірдің бірі. Осы өңірде 45 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады. «Балалы үй – базар» дейді халқымыз, - деді ол.

Президент ана мен балаға қамқорлық жалғаса беретінін айтты.

Шын мәнінде, бала – біздің қуанышымыз, бала – біздің болашағымыз. Елімізде қолға алынған өзгерістің бәрі ұрпақ үшін жасалып жатыр. Мен Жолдауда айтқанымдай, жаңа жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатын болды. Сондай-ақ, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдадым. Ана мен балаға қамқорлық келешекте де жалғаса береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы