Алматы облысында 38 емхана салынады

8 Сәуір 2023, 05:30
1741
Бөлісу:
Алматы облысында 38 емхана салынады
Фото: almaty.tv

Алматы облысында 38 емхана мен 63 мектеп салынады. Бұл жөнінде өңірге барған Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік нысандар алдағы екі жылда ел игілігіне берілуге тиіс. Өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Көлгінов туризм саласына инвестиция тарту, демалыс аймақтарының инфрақұрылымын жақсарту мәселесіне аса мән беру керектігін айтты. Сонымен бірге ауыл жастарына жағдай жасалу керектігін ескертті. Келесі жылдан бастап ауылға еңбек етуге барған жас мамандарға берілетін бір реттік көтерме ақы 10 млн теңгеге дейін көтерілмек. Облыста сапалы медициналық қызмет көрсету, білікті дәрігерлер жетіспеушілігі сынды өзекті мәселе бар.

Ауылдық ауруханаларға замануи емдеу құралдары жетіспейді. Оған қыруыр қаржы қажет. Бірақ денсаулық саласын басты назарда ұстап, бюджеттен қаражаттың уақытылы бөлінуін қадағалаймыз, - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Республика бойынша 32 ауданаралық ауруханалар күшейтілетін болады. Демек, ол жерге қосымша медициналық құрал-жабдық, дәрігерлер біліктілігі артылады. Соның екеуі осы облыста. Ол да бақылауда. Ол жерде қосымша ангиограф, мрт компьтерлік томограф сияқты құрал-жабдық алынатын болады, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.

Облысымызда биыл 27 нысан салынады. Барлығына жер учаскелері бөлінген. Нәтижесінде бұл ғимараттарға қажеттілік 50% жабатын болады, - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Ләйлә Серікбаева.

Өзгелердің жаңалығы