Алматы облысында 21 жастағы бойжеткеннен коронавирус анықталды

12 Сәуір 2020, 19:06
1630
Бөлісу:
Алматы облысында 21 жастағы бойжеткеннен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Талғар ауданында тұратын 21 жастағы азаматшадан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты зертханалық зерттеулерге материалдар алынған, ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша оған COVID-19 диагнозы қойылған. Науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр, - делінген хабарламада. 

Барлығы 6 байланыста болған адам провизорлық стационарларға оқшауланған, зертханалық зерттеу үшін талдау алынды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

12.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 12 адам анықталған.

Өзгелердің жаңалығы