Алматы облысында 20 тонна спиртті заңсыз сатпақ болғандар анықталды

5 Мамыр 2020, 13:05
1218
Бөлісу:
Алматы облысында 20 тонна спиртті заңсыз сатпақ болғандар анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 20 тонна спиртті заңсыз сатпақ болғандарды ұстады. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады. Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 млн теңгеге сатуға тырысқан,-делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу басталды, қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы