Алматы облысында 15 жастағы жасөспірім көлікпен алты оқушыны қағып кетті

23 Қыркүйек 2023, 00:28
724
Бөлісу:
Алматы облысында 15 жастағы жасөспірім көлікпен алты оқушыны қағып кетті
Фото: скрин

Алматы облысында 15 жастағы жасөспірім алты жаяу жүргіншіні көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәмелетке толмаған бала ағасының көлігін рұқсатсыз алып, жақын жердегі дүкенге дейін барғысы келген. Оқиға Нарынқол ауылында болды. 10-шы сынып оқушысы “Subaru” маркалы көлік қүралын басқара алмай жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Салдарынан алты оқушы зардап шекті. Бесеуі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Үшеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақты. Полиция басқармасы тексеріс жүргізуде.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайділдин.

Өзгелердің жаңалығы