Алматы облысына қосымша дизель отыны жіберіледі

7 Сәуір 2023, 19:31
828
Бөлісу:
Алматы облысына қосымша дизель отыны жіберіледі
Фото: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Энергетика министрлігі Алматы облысына дизель отынының қосымша көлемі жіберілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Petrosun» АҚ, АЖҚС ірі желілері («Helios», «Газпромнефть-Қазақстан», «PetroRetail» және «Sinooil») өкілдерінің қатысуымен Алматы облысын жанар-жағармай материалдарымен іркіліссіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

7 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысы бойынша дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады. АЖҚС желілерінің өкілдері атап өткендей, оларда бар дизель отынының қоры халықты іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Сонымен қатар АЖҚС желілерінің ақпараты бойынша дизель отынына сұраныстың артуы байқалады (30%-дан астам), соның салдарынан кейбір жанармай құю бекеттерінде отынның тәуліктік көлемі тез таусылуда. Шымкент МӨЗ жөндеуге тоқтауына байланысты өңірге мұнай өнімдерін жеткізу бойынша шектеулер болды. Сондықтан желілер басшылығы отынды көп тұтынатын аудандарға тиеп-жөнелтуді арттыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Атырау МӨЗ және Павлодар МГХЗ-дан 5000 тонна отын жолда бара жатыр. ҚТЖ ЖЖМ-ды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді, - делінген министрлік хабарламасында.

7 сәуірде мұнай өнімдерін өндіру басталған Шымкент МӨЗ-де жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Өнімнің бірінші партиясы демалыс күндері жөнелтіледі деп жоспарлануда. Бұл ретте Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында фургондар трассаны бөгеп тастады деген ақпарат тарады. Жүк көлігінің жүргізушілері дизель отынының қымбаттауына наразылықтарын білдірген. 

Өзгелердің жаңалығы