Алматы облысы муай-тайдан Қазақстан чемпионатында топ жарды

10 Наурыз 2024, 02:18
599
Бөлісу:
Алматы облысы муай-тайдан Қазақстан чемпионатында топ жарды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Алматыда муай-тайдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 өңірден 100-ден астам қатысушы жиналған біріншілікте 15 салмақта өзара мықтыны анықтады.

Жалпыкомандалық есепте Алматы облысы үздік шығып, бірінші сатыға жайғасты. Алдыңғы үштікті Атырау облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының командалары түйіндеді.

Айта кету керек, дода қорытындысы бойынша алдағы әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық құрамамыз жасақталады.

Бүгін шаршы алаңда спортшыларымыз жаңа қырынан көрінді. Алдағы уақытта бұл спорттың даму қарқынын одан әрі арттыру мақсатында басқа да бәсекелерді ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді ҚР муай-тай федерациясының президенті Фархат Аманқұлов.

Сондай-ақ федерация жүлдегерлерді ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Ел чемпионы атағы мен жүлдесін алған спортшылар:

«Үздік техника» номинациясы - Шамиль Ермагамбетов (СҚО)
«Жас, болашағы зор жауынгер» номинациясы - Еркебұлан Қасен (Алматы обл)
«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы - Дидар Жаппарқұлов.

Ерлер:

45 кг
🥇Өтеғали Нұрдаулет (Атырау обл)
🥈Ерлан Шамарданов (БҚО)

48 кг
🥇Мұстафа Доган (Алматы обл)
🥈Дидар Жаппарқұлов (Алматы обл)
🥉Михаил Тұрсынов (Қызылорда обл)
🥉Батырғали Еламан (Атырау обл)

51 кг
🥇Шамиль Курбанов (Атырау облысы)
🥈Бақытхан Қайнар (Алматы қ.)

57 кг
🥇Закир Белялов (Алматы обл)
🥈Серік Әли (Алматы қ.)
🥉Роман Максутов (Алматы обл)
🥉Куаныш Амандыков (Алматы қ.)

60 кг
🥇Алмаз Сәрсембеков (Алматы қ.)
🥈Еркебұлан Қасен (Алматы обл)
🥉Ернат Смагулов (Алматы обл)
🥉Дмитрий Комар (СҚО)

63.5 кг
🥇Әбіл Галиев (Атырау обл)
🥈Құрманғали Досахмет(Алматы обл)
🥉Нариман Мамедрзаев (Алматы обл)
🥉Даниил Бармин (Қостанай обл)

67 кг
🥇Оспан Ерқанат (Астана қ.)
🥈Вадим Карабейников (Алматы обл)
🥉Исмаил Хасиев (Алматы қ.)
🥉Александр Шмойлов (Алматы обл)

71 кг
🥇Руслан Заякин (СҚО)
🥈Нұртаза Джумаханов (Астана қ.)
🥉Артур Цой (Алматы обл)
🥉Нафурджон Махмуджанов (Шымкент қ.)

75кг
🥇Илья Булавинцев (Алматы обл)
🥈Мағжан Жұмабаев (Шымкент қ)
🥉Александр Кондрат (СҚО)
🥉Мырзахмет Әлихан (Қостанай обл)

81 кг
🥇Александр Цариков (Алматы обл)
🥈Глеб Дементьев (Астана қ.)
🥉Берік Әлихан (БҚО)

86 кг
🥇Владимир Антонов (БҚО)
🥈Вениамин Кузнецов (БҚО)
🥉Төрехан Абылайхан (Шымкент қ.)
🥉Александр Мельников (СҚО)

91кг
🥇Әли Нүсіпкалиев (ЗКО)
🥈Абдрасилов Абилзаир (Шымкент)
🥉Ғаббасов Азатжан (Атырау)

+91кг
🥇Дидар Нұрғожай (Астана қ.)
🥈Әбілқайыр Ысмайылов (Алматы қ.)
🥉Евгений Зимин (СҚО)
🥉Айболат Мұратұлы (Ақтөбе обл)

Әйелдер:

51 кг
🥇Анастасия Конюшко (СҚО)
🥈Ирина Маркелова (Алматы қ.)
🥉Айниса Гайниева (Атырау)
🥉Диана Жүсіпова (Астана қ.)

54 кг
🥇Милана Кольченко (Алматы қ.)
🥈Арай Байдулла (Алматы обл)
🥉Альмина Әл-Жаппар (Алматы обл)

67 кг
🥇Аида Хайруллина (Атырау обл)
🥈Алина Смаковая (Қостанай обл )

86 кг
🥇Мира Ахметова (Ақмола обл)
🥈Алена Ожередова (Алматы қ.)

Өзгелердің жаңалығы