Алматы облысында заңсыз есірткі айналымының ірі партиясы әшкереленді

4 Наурыз 2019, 17:28
2503
Бөлісу:
Алматы облысында заңсыз есірткі айналымының ірі партиясы әшкереленді

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында төрт күн ішінде есірткінің заңсыз айналымының 16 дерегін анықтаған. Оның екі дерегі тәркіленген есірткі көлеміне байланысты ірі партиялы есірткі болып отыр.

Ескелді ауданының полициясы арнайы іс-шара барысында 40 жастағы тұрғынды есірткі затын сақтады деген күдікпен ұстады. Автожол бойында қолға түскен күдіктінің тұратын үйіне санкцияланған тексеру жүргізу кезінде 1 килограмнан астам «кептірілген марихуана» заты табылды. Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкешілікке тартылғаны анықталды.

Сондай-ақ, санкциялы тексеру кезінде 45 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынының қорасынан жасырылған 4 килограмға жуық «марихуанна» есірткі заты табылды.

«Арнайы іс-шара барысында есірткіге қарсы күрес бойынша 16 қылмыс дерегі анықталды. Осы деректер бойынша 16 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделуде. Сондай-ақ, екі фактінің ірі партиялы қылмыс санатына жататынын атап өту қажет. Алматы облысының тәртіп сақшылары 7 килограмға жуық есірткі тәркілеп, олардың халық арасына таралуының жолын кесті. Есірткі заттары өсімдік негіздегі марихуана, гашиш сынды есірткі заттарына жатады»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы